Халықаралық серіктестік шеңберіндегі кездесу

2017 жылдың 7 сәуірінде ҚАЕУ колледжінде Сібір университетінің тұтыну кооперация колледжінің оқытушыларымен кездесу өтті.

Колледж әкімшілігі кездесу барысында әріптестерді 2016 – 2017 оқу жылына арналған колледждің Кешенді даму жоспары, 2016 – 2019 жылдарға арналған колледждің даму Бағдарламасы, білім беру және тәрбие жұмысы процессінің сапа мониторингі Бағдарламаларымен таныстырып өтті.

Келген қонақтарға «Дизайн» мамандығы студенттерінің шығармашылық жобаларының көрмесі көрсетілді.