Испан тіліндегі дәріс

13 қазан 2016 жылы ҚАЕУ колледжі «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенттеріне  испан тілін (екінші шет тілі ретінде) жетілдіру, тәжірибе алмастыру мақсатында АҚШ-нан жетекші оқытушы Гэри Сопер шақырылды.

Дәріс барысында Гэри Соппер испан елінің мәдениеті, салт-дәстүрі, мерекелері, ұлттық тағамдары туралы толық мәлімет берді. Сондай-ақ өзін таныстыру, әңгіме құра білу қабілеттерін дұрыс қалыптастыра білуді үйретті.

Дәріс жан-жақты толық қамтылған, өте қызықты өтті. Студенттер қызығушылықпен сұрақ қойып отырды, шетел оқытушысының келесі дәрісін асыға күтуде.