Кэтлин Хайдпен ұйымдастырылған кездесулер туралы

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап ағылшын тілі клубы аясында  әр дүйсенбі сайын «Бастауыш білім беру» және «Аударма ісі» мамандықтарының 1-3 курс студенттерінің сертификатталған ағылшын тілі пәнінің оқытушысы — Кэтлин Хайдпен (фонд «Co-Serve International» Портленд, Орегон, АҚШ) кездесулер өткізіледі.

Кездесулердің еркін түрде  өтуі  ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, ой-өрісін жан-жақты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сабақтардың тақырыптары ауқымды — қарапайым жаттығулардан әртүрлі ұғымдарды талқылауға дейін. Кэтлиннің сабақтары Қазақстанда жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға, ағылшын тілін пайдалана отырып, өз білімдерін жетілдіруге, практикалық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыдан орындауға, ауызша және жазбаша сөйлеуге негізделген. Студенттер бұл кездесулерге қуана-қуана қатысып, асыға күтеді. Әртүрлі білім беру бағдарламаларын ұсынатын Кэтлиннің сабақтарына студенттер белсенді түрде қатысады.