Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін

2017 жылдың 17 ақпан күні «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жеті секциядан тұрды, жалпы колледжден 50 студенттің  ғылыми жұмыстары тыңдалды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 20 студенттің еңбегі  бағаланып, «Үздік ғылыми-танымдық жұмыс», «Тақырып өзектілігі» және «Үздік презентация» номинациялары берілді. Іріктеуден өткен ғылыми жұмыстар ҚАЕУ-де 2017 жылдың 30 наурыз — 02 сәуірде өтетін VII Халықаралық жас ғылымдар форумына жіберілді.