Әлеуметтік серіктестік – білім сапасын жоғарылату ресурсы

Практика жағдайында алған білім мен дағдыны, кәсібилік пен шеберлікті жетілдіру мен бекіту – студентерді оқытудағы негізгі міндеттердің бірі.

ҚАЕУ колледжінің әлеуметтік серіктестермен өзара тиімді қалыптасқан байланысы студенттердің тәжірибеден өтуіне көмектеседі. Мәселен, «А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапхана», Өскемен қаласы әкімшілігінің «Жас техник станциясы» МКҚК, ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражайы, «Тұқым» ЖШС, «АТФбанкі» АҚ студенттерге келешекте жұмысқа орналасуға да жағдай жасайды.