302 2017
Ұлттық ойын «Тоғыз құмалақ» сайысы
3 ақпан 2017 жылы ҚАЕУ колледжінің спорт залында оқытушы К.Т. Толеухановтың ұйымдастыруымен ұлттық ойын «Тоғыз құмалақ» сайысы 1 — 4 курс студенттер арасында өтті.
Сайысқа қатысушылар өздерінің математикалық, логикалық ойлау қабілеттерін сайыс барысында пайдалана білді. Рахимбеков Куандық, Резанов Николай, Серік Жанар, Құмарқанова Алина сияқты студенттер өте жақсы ойын көрсетті.
