Ұлылар еліне саяхат

11.10.2017 жылы «Негізгі орта білім» мамандығының студенттері ҚАЕУ колледжінің оқытушылары Н.Н. Самарханова, К.К. Сеилханова және Б.М. Макаримовтың жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып Абай еліне саяхат жасап қайтты. Саяхаттың мақсаты болашақ мұғалімдерге ұлылардың ұлы мұрасын таныту, қоршаған әлеммен таныстыра отырып рухани толығу болды.

Саяхат барысында Абай елінің киелі жерлеріне барып, ұлыларға тағзым етілді. Абай атамыздың шежіресімен, Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мұхтар Әуезовтың өмірімен терең танысып, көп дүниені көзбен көріп, үлкен ой түйіп қайтты. Ұлылар еліне жасалған бұл саяхаттың студенттерге берері өте мол. Болашақ мұғалім мамандығының студенттері пайдалы мағлұматтар мен алған әсерлері үшін ризашылықтарын білдірді.