Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу

Мамыр айының 6 жұлдызында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Жеңістің 71 жылдығына арналған Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.  Кездесудің ұйымдастырушылары: А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ұжымы.

Кездесуде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Замза Кырыкбаев, Таиф Фаизов, Федор Шиляев  өмірдің қызықты сәттерін еске алып, фотосуреттері мен марапаттауларын көрсетті.  ҚАЕУ колледжінің 15П-р1 тобының студенттері ардагерлерді құттықтап, оларға әсем ән мен би арнады.

Кездесу сәттік үнсіздікпен аяқталды.