Мәңгілік алауға қойылған гүлдер

Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойына орай 9 мамыр күні Даңқ алаңында дәстүрлі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Гүл шоқтарын қою рәсімі Өскемен қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Салтанатты шара сағат 9:00-де басталды. Шара барысында қазіргі бейбіт өмір үшін жанын берген ардагерлер еске алынып, солардың құрметі үшін бір минут үнсіздік жарияланды.