«Мәңгілік ел» акциясы

04.11.2016 жылы  ҚАЕУ колледжінің  студенттері  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы қарсаңында «Мәңгілік ел» акциясын жүзеге асырудың негізінде  «Үміт» балалар үйінде  қайырымдылық  шарасын өткізді. Студенттер балаларға сыйлықтар дайындап, қызықты ойындармен, әсем әнмен көркемделген  көңілді кеш ұйымдастырды.

«Үміт» балалар үйінің әкімшілігі ҚАЕУ колледжінің өзін-өзі басқару студенттік тобына өткізіп отырған қайырымдылық шара үшін алғысын білдірді.