«Мәңгілік ел» атты пікір-сайыс турнирі өтті

2016 жылдың қазанның тоғызыншы жұлдызында Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» қолдауымен «Мәңгілік ел» атты жаңадан келген пікір-сайысшылар арасында Американдық-парламенттік форматта мемлекеттік тілінде қалалық турнир өтті.

Пікір-сайыс турниріне С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Өскемен медициналық колледжі және ҚАЕУ колледжінің студенттері қатысты.

ҚАЕУ колледжі «Aлаш ұрпақтары» дебат клубынан  «Смайл», «Айта берсін», «Егіз лебіз», «2 панда», «Сөз найза», «Өскелең» фракциялары қатысып, жақсы ойын көрсетті.

Турнир нәтижесінде I-орынды «Ине» фракциясы, II-орынды «Махаббат қызық мол жылдар» фракциясы, III-орынды «Абзал жандар» фракциясы иеленді.

Турнирдің «Үздік спикері»  атағын  Аманбек Нұрсултан Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Еркін сөз» клубы «Ой ордасы» фракциясының мүшесі жеңіп алды.