«Мәңгілік Ел жастары» атты облыстық пікір-сайысшылар турнирі

11.11.2016 жылы Жастар орталығы қолдауымен және Өскемен медециналық колледжі ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы 25 жылдығы аясында «Мәңгілік Ел жастары» атты облыстық пікір-сайысшылар турниріне ҚАЕУ колледжі студенттері қатысып Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындары студенттері арасында өте жақсы нәтижелер көрсетті.

ҚАЕУ колледжінен турнирге 8 фракция катысты. Аталған турнирде бірінші орын алған ҚАЕУ колледжі студенттері Бастаубаев Әлібек, Идаятұлы Кәшәп. Турнирдің «Үздік спикері» 15Т-к1 тобы студенті Еміл Әли атанды.