Мүмкіндігі шектелген балаларға қайырымдылық шарасы

ҚАЕУ колледжінің студенттік өзін-өзі басқару комитетінің жастары 2017 жылдың 10 қараша күні «Үлбі» мүгедек балаларды оңалту орталығында мемлекетіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қайырымдылық шарасын өткізді.

Студенттер алдын ала даярлап қойған сыйлықтарын сыйлап, қызықты ойындармен балаларға көңілді күн ұйымдастыра білді.