Мүмкіндігі шектелген балаларға қайырымдылық шарасы

ҚАЕУ колледжінің студенттік өзін-өзі басқару комитетінің жастары 2016 жылдың 8 қараша күні «Үлбі» мүгедек балаларды оңалту орталығында мемлекетіміздің тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығының қарсаңында мерекелік қайырымдылық шарасын өткізді.

Студенттер алдын ала даярлап қойған сыйлықтарын сыйлап, қызықты ойындармен балаларға көңілді күн ұйымдастыра білді.