«Мен өмірді сүйемін!» тақырыбындағы семинар-тренинг

2017 жылдың 15 ақпан күні ҚАЕУ колледж студенттер арасында «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында суицидтің алдын алу мақсатында колледж психологі  Баженова Н.К. ұйымдастыруымен семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтің әркімнің өз проблемаларын шешу жолдары мен қиыншылықтардың  алдын алу жолдарын үйретті.

ҚАЕУ студенттері Богомолова О.В., Сорокина Е.С., Романова Н.О. тренинг барысында колледж студенттеріне психологиялық әдістердің бірі арт-терапияны қолдана отырып, ойындар өткізді.