Біз – туризм саласының болашақ менеджерлеріміз

2015 жылдың 15-16 мамыр аралығында «Туризм» мамандығы бойынша студенттер арасында Абай ауданы Кеңгірбай би ауылында орналасқан «Абай колледжі» КММ базасында «Туризм-тарихи, танымдық, мәдени экскурсия» тақырыбымен  өткен облыстық интеллектуалды-танымдық және шығармашылық сайыста ҚАЕУ колледжінің «Самұрық» командасы жүлделі І орын иеленді. 13Тк-1 тобының ІІ курс студенттері Қайратұлы Дұман, Төлегенов Бернияз, Айдарбекова Нұрлы и Ержебаева Айдана өздерінің білімдері мен белсенділіктерін танатты.

Жетекшілері Сатиева А.М. және Медведева М.С. команданы дайындағаны үшін ШҚО білім беру басқармасының алғыс хатымен марапатталды.