«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері арасында «Мен спортты таңдаймын!» атты педагогикалық шеберлік байқауы

2023 жылғы 12 желтоқсан күні Қазақстан-Американдық еркін университетінің спорт залы базасында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері арасында «Мен спортты таңдаймын!» атты педагогикалық шеберлік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — ТжКБ жүйесінің оқу орындарында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқитын бәсекеге қабілетті талантты студенттерді анықтау және көтермелеу. 5 кезеңнен тұратын байқау барысында командалар визит карточкасын ұсынды, сабақ жоспарын (сабақтың КМЖ) әзірледі, дене шынықтыру бойынша оқу сабағының негізгі бөлігінің фрагментін өткізу дағдыларын көрсетті, спорттық-бұқаралық іс-шараның элементі ретінде аэробты-би фрагментін (флешмоб) көрсетті, «Көңілді старттар» спорттық эстафетасын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды: І орын – «Абай қырандары» командасы (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық […]

Толығырақ

Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу туралы

2023 жылғы 7 қараша күні ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің базасында ШҚО ТЖД Өскемен қаласы гарнизонының өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің ұйымдастыруымен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Жаттығулар барысында өрт сөндірушілер студенттер мен колледж қызметкерлерін ғимараттан эвакуациялауға дайындық деңгейін тексеру жұмыстарын жүргізді, қатысушылардың негізгі күштер мен құралдар келгенге дейін ықтимал өртті жоюды ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары үйлестірілді.

Толығырақ

ШҚО-да «Есірткіге жол жоқ!»

️2023 жылғы 19 қазан күні «Жастар рухы» жастар қанатының ШҚО филиалы, ШҚО ПД нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы және ШҚО прокуратурасы бірлесіп «Есірткіге жол жоқ!» акциясын өткізді. Акция аясында «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО белсенділері және ҚАЕУ Жоғары колледжінің «Құқықтану»мамандығының 21-Пк1 тобының студенттері ,ШҚО прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокуроры Хайдаров Кайырбек Кызыбрекович, ШҚО ПД бойынша нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ахметова Бақыт Жумашевна есірткі құралдарын сатып алу арналарының жарнамасын бояды. Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. […]

Толығырақ

Жазушы Әділбек Ыбырайымұлымен шығармашылық кездесу

2023 жылдың 12 қазан күні ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің “Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” мамандығының студенттері А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастырумен өткен жазушы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Әділбек Ыбырайымұлымен шығармашылық кездесуге қатысты.

Толығырақ

Балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театры Өскемен қаласында

2023 жылғы 12 қазан күні «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс білім алушылары Шығыс Қазақстан облыстық драма театры сахнасында өткен Балалар және жасөспірімдерге арналған Теміртау театрының «Поминальная молитва» спектаклін тамашалады.

Толығырақ

«Денсаулық күні» атты спорттық мерекесі өткізілді

2023 жылғы 11 қазан күні ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің 1 курс студенттері арасында «Денсаулық күні» атты спорттық мерекесі өткізілді. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Міндеттері: білім алушылардың қозғалыс белсенділігін қалыптастыру; төзімділікті, ептілікті, өз қимылдарын үйлестіру қабілетін дамыту және жетілдіру; білім алушылардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын дамыту. Спорттық мерекені ұйымдастырушылар: дене тәрбиесі оқытушылары К.Т. Төлеуханов, Е.Ю. Савельева, Б.А. Жамалданова.

Толығырақ

Open WORLD CUP — 2023-ке қатысу

2023 жылғы 23 қыркүйек күні ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Темірхан Елжан (22ФКС-к1 тобы) Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында өткен Open WORLD CUP — 2023-ке қатысты. Елжан аралас жекпе-жегінде әлем Чемпионы атанды. Елжанды құттықтаймыз!!!

Толығырақ

«Үздік педагогикалық эссе» байқауына қатысу

2023 жылдың 22 қыркүйек күні ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ева Александровна Рогозина Ұстаздар күніне және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойына орай облыстық «Үздік педагогикалық эссе» байқауына қатысты. Ева Александровнаны құттықтаймыз!

Толығырақ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиадасына қатысу

2023 жылдың 22 қыркүйек күні ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім алушысы Тоқтарханова Шырайлым қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық Қ. Бітібаева атындағы олимпиадасына қатысты. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сеилханова Кырмызы Кабдрашитовна

Толығырақ

ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің 1 курс студенттеріне арналған жиналыс

2023 жылғы 21 қыркүйек күні ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің 1 курс студенттері үшін жиналыс өткізілді, онда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қозғалды. Кездесуге ШҚО полиция Департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Р.Н. Кошкинчинов; ШҚО полиция Департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Б.Ж. Ахметова; Өскемен қаласының Үлбі ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Е.Н. Биболов; Шығыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығының наркология бөлімінің басшысы, дәрігер-нарколог Г.Т. Кискина Жастар — қазақстандық қоғам мен мемлекеттің болашақ әл-ауқаты мен өркендеуі денсаулық жағдайына тікелей байланысты […]

Толығырақ