Ашық диктантқа қатысқаны туралы

2016 жылдың 18 мамыр күні Өскемен қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Мерейтойға байланысты атқарылған іс-шараның мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттау, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болды. Аталған шараға Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің 50 студенті қатысып, өз білім-біліктерін көрсетті.

Толығырақ

Жер кодексіне енгізілген өзгертулер туралы

2016 жылдың 18-мамырында  ҚАЕУ колледжінің студенттеріне арнайы пән оқытушылары Макаримов Б.М., Сегизбаева Ж.Б. Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды  түсіндіру мақсатында дәріс жүргізді. Жаңартылған Жер кодексінің қолданысқа енгізілуіне орай ауыл шаруашылығына жарамды  жер телімдерін ұқыпты  пайдалану, сәйкесінше аграрлық секторды дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтудың  қосымша мүмкіндіктері, инвестиция тарту, инновациялар енгізудің заңнамалық негіздері қаланатыны туралы айтылды. Колледж студенттеріне Жер кодексіне енгізілген өзгертулер туралы түсіндірілді

Толығырақ

ҚАЕУ колледжінде өткен ашық есік күні

2016 жылдың 14 мамырында ҚАЕУ колледжі кезекті ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға Өскемен қаласының 12 мектебінен  123 оқушы қатысты.  Келген қонақтар колледж кітапханасымен, компьютер сыныбымен, оқу дәрісханаларымен танысты. Мамандықтар жайлы презентацияларды, Қазақстан-Американдық еркін университеті мен колледжінің өмірі жайлы фильмдерді тамашалады. Ең соңында өз білімін тексергісі келгендер және де болашақта осы колледжге оқуға түсем-деушілер байқау тестін жазды.

Толығырақ

«Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды сайыс туралы

Мамыр айының 13 жұлдызында мемлекеттік тілде оқитын бірінші курс студенттері арасында «Жүзден жүйрік» интеллектуалды сайысы өткізілді.  Сайысқа «Архимед», «Ньютон»,  «Менделеев», «Колумб» және «Әл-Фараби»  атты командалары қатысты. Сайыстың өте қызықты өткен бөлімі «Тарихи тұлғалар өмірінен көрініс» — үй тапсырмасы көрсетілімі болды. Барлық турлардағы сұрақтар химия, биология, математика, физика және география пәндері бойынша қойылды. «Зертханалық жұмыс» туры команда мүшелерінің тек сұрақтарға ғана жауап бермей, алған білімдерін қажет кезде қолдана білетіндігін де көрсетті. Әр топ қолдарындағы заттар жинағын қолдана отырып, тәжірибелік жұмыс өткізіп, қандай да бір заңдылықтың орындалу сәтін көрсетіп, дәлелдеді. Сайыс қызықты да, көңілді өтті, соңына дейін команда мүшелерімен олардың жанкүйерлері белсенділігі […]

Толығырақ

ҚАЕУ студенттерімен кездесу

2016 жылдың 13 мамырында Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері неміс тілінен Халықаралық олимпиада жүлдегері — Григорьева Мариямен және  БҰҰ жобасы Халықаралық байқауының қатысушысы – Ларионова Юлиямен кездесу өтті. Кесдесу мақсаты — колледж білім алушыларын әртүрлі деңгейдегі жобалар мен олимпадаларға, байқауларға қатыстыру. Кездесу барысында қонақтар «Аудармашы ісі» және «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттеріне қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқу мен білудің қажеттілігін түсіндіре білді.

Толығырақ

«Своя игра» зияткерлік ойыны туралы

11.05.2016 жылы колледжде бірінші курс студенттерінің арасында «Своя игра» зияткерлік ойыны өткізілді. Сабақтан тыс шараны өткізу барысында келесі мақсат-міндеттер алға қойылды: жалпы білім беру пәндеріне қызығушылықты арттыру, білім алушылар арасында қызықты есептер шешуді насихаттау, интеллектерін дамыту. Білім алушылар ойын барысында химия, биология, физика, география және дене шынықтыру пәндері бойынша сұрақтарға жауаптар берді.  15НО-р1 тобының студенттері «Химия», «Биология» пәндеріне арналған таныстырылымдарын ұсынды. Ойын нәтижесі бойынша орындар төмендегідей болды: І орын – Худяков Владислав (15 Т-р1 тобы), ІІ орын – Катышева Луиза (15 ПД-р1 тобы), ІІІ орын – Фоминых Олег (15 ПД-р3 тобы).

Толығырақ

Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу

Мамыр айының 6 жұлдызында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Жеңістің 71 жылдығына арналған Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.  Кездесудің ұйымдастырушылары: А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ұжымы. Кездесуде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Замза Кырыкбаев, Таиф Фаизов, Федор Шиляев  өмірдің қызықты сәттерін еске алып, фотосуреттері мен марапаттауларын көрсетті.  ҚАЕУ колледжінің 15П-р1 тобының студенттері ардагерлерді құттықтап, оларға әсем ән мен би арнады. Кездесу сәттік үнсіздікпен аяқталды.  

Толығырақ

Шапшаң, биігірек, мықтырақ !

06.05.2016 жылы ҚАЕУ колледж оқытушылары арасында Отан қорғаушылар күніне арналған спорттық жарысы өткізілді. Жарысқа «Адреналин» және «Медведи» атты 2 команда қатысты. Жарыс бағдарламасына «Доппен жүгіру», «Теңге алу», «Жамбы ату», «Асық алу», «Тақия» және де басқа әр түрлі ойындар енгізілді. Жарыс қатысушылары және жанкүйерлер позитивті энергия мен жақсы көңіл-күй алды.

Толығырақ

Біз – өз еліміздің отаншылымыз!

05.05.2016 жылы ҚАЕУ колледжінде Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылғанының 24 жылдығына арналған сайыс-саптық шеру өтті. Саптық шеру байқауына 1 курс студенттері қатысты. Cайыстың бағдарламасында көрсетілгені: 1. Взвод бойынша салтанатты маршпен жүріп өту. 2. Взводтың атауы. 3. Взводтың ұраны. 4. Қарусыз саптық дайындық. 5. Взвод командирлерінің сайысы. 12 взводтың барлық қатысушылары өздерін жақсы жағынан көрсетті. Жүлделі орындар төмендегідей болды: І орын — 15ПД- к3 тобының взводы, ІІ орын — 15П-р1 және 15Ф-к1 топтарының взводтары, ІІІ орын — 15ПД-к1, 15Т-к1, 15Т-р1 топтарының взводтары. Командирлер арасында өткен сайыста оза шыққан 15ПД-к3 тобының студенті Дәулетжан Алишер.

Толығырақ

«Тұғырым – Тәуелсіздігім» атты дебат турниры

23.04. — 24.04.2016 жылы Астана қаласында «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университетте» «Тұғырым – Тәуелсіздігім» атты Қазақстан Республикасы 25 жылдығына және «Жеті жарғы» клубының жеті жыл толуына орай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университет ректоры кубогына арналған еліміздің барлық оқу орындары арасында дебат турниры өтті. ҚАЕУ колледжі студенттері Асылғазы Алтынай, Бастаубаев Әлібек, Серік Жанар, Идаятұлы Кашап қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсете білді.

Толығырақ