«Эмоционалды күйіп-кету синдромы» атты семинар-тренинг туралы

04.05.2016 жылы «Педагогика және жалпы білім беру пәндері» ПЦК ғылым және шығармашылық апталығы шеңберінде колледж оқытушыларына «Эмоционалды күйіп-кету синдромы» атты семинар-тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: оқытушыларды «эмоционалды күйіп-кету» құбылыстарымен таныстыру және осы факторларға төтеп беру әдістерін табу. Оқытушыларға «эмоционалды күйіп кету»  құбылыстарын анықтау үшін стресс-тест өткізілді. Сонымен қатар топтың жағымды эмоционалды көңіл-күйін, өзара түсінушілігін, топтың энергетикалық тонусын жоғарылату үшін әр-түрлі жаттығулар өткізілді.

Толығырақ

Ағылшын тілінен «Nowadays English. Is it a Must or a Pleasure?» тақырыбында өткен облыстық олимпиада қорытындысы

20.04.2016 жылы ҚАЕУ колледжінде ағылшын тілінен «Nowadays English. Is it a Must or a Pleasure?» тақырыбында 1-курс білім алушылары арасында облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға 21 студент қатысты,  соның ішінде: 2 студент – Семей қаласының колледждерінен, 15 студент – Өскемен қаласының колледждерінен, 1 студент – Зайсан технология колледжінен, 1 студент – Глубокое кентіндегі аграрлық колледжден, 1 студент – Тарбағатай колледжінен, 1 студент – Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінен.  ҚАЕУ колледжінен 7 студент сайыстан тыс қатысты. Облыстық олимпиада үш турдан тұрды: 1 тур — тестілеу (4 нұсқа, 25 сұрақ); 2 тур – тыңдалым, тапсырмалар орындау; 3 тур — монолог   Монолог тақырыптары: 1. […]

Толығырақ

«Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми–практикалық конференция

2016 жылдың 19 ақпанында ҚАЕУ  колледжінде  «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты ғылыми–практикалық конференция өтті. Конференция 6 секция бойынша жұмыс істеді, колледждің 43 білім алушысы қатысты, соның ішінде 28 студент — мемлекеттік тілде, 15 студент мемлекеттік емес тілде білім алатын топтардан қатысты. Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, «Үздік ғылыми зерттеу жұмысы», «Тақырып өзектілігі», «Үздік презентация» номинациялары бойынша мадақтамалармен және қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.

Толығырақ

«МАТЕМАТИКАЛЫҚ МАРАФОН» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

18.11.2015 жылы ҚАЕУ колледжінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТиПО жүйесіндегі оқу орындарының бірінші курс студенттері арасында «Математикалық марафон» тақырыбында облыстық  олимпиада өтті. Олимпиадаға облыс колледждерінің 34 білім алушысы қатысты,  соның ішінде: 18 студент — мемлекеттік тілде , 16 студент — мемлекеттік емес тілде  білім алатын топтардан. Облыстық олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өтіп екі турдан тұрды: 1 тур — тестік тапсырмалар; 2 тур — тәжірибелік тапсырмалар. Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей болды: мемлекеттік тілде оқитын студенттер арасында № Жүлделі орындар Студенттің аты- жөні Оқу орнының атауы 1 І орын Қадырмышев Серікбол Альмәдиұлы Техникалық-экономикалық колледж 2 ІІ орын Икматуллаева […]

Толығырақ

Физикалық дайындығы мықтыларды анықтаймыз … .

Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжде өткен 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы жеңісіне 70 жыл және КСРО халықтық ұстазы Құмаш Нұрғалиевтың  90 жылдығына арналып өткізілген облыстық үстел теннисінен жарысқа ҚАЕУ колледжінің студенттері де белсене қатысты. 14Пк-1 тобының студенті Бастаубаев Әлібек  ІІІ орынды иеленгені үшін ШҚО Білім беру басқармасының дипломымен марапатталды. Үстел теннисінен белсенділік танытқаны үшін колледж студенттері Мұратханова А., Бақытбекова З., Сұлтанова Е., Ереш Р., Кәкімжанов А., Алшынбаев А., Мағлұмханова Г, Зарлыханова А. сертификат берілді.   Дене тәрбиесінің оқытушысы А.К. Рамазановқа команданы даярлағаны үшін алғыс берілді

Толығырақ

Біз – туризм саласының болашақ менеджерлеріміз

2015 жылдың 15-16 мамыр аралығында «Туризм» мамандығы бойынша студенттер арасында Абай ауданы Кеңгірбай би ауылында орналасқан «Абай колледжі» КММ базасында «Туризм-тарихи, танымдық, мәдени экскурсия» тақырыбымен  өткен облыстық интеллектуалды-танымдық және шығармашылық сайыста ҚАЕУ колледжінің «Самұрық» командасы жүлделі І орын иеленді. 13Тк-1 тобының ІІ курс студенттері Қайратұлы Дұман, Төлегенов Бернияз, Айдарбекова Нұрлы и Ержебаева Айдана өздерінің білімдері мен белсенділіктерін танатты. Жетекшілері Сатиева А.М. және Медведева М.С. команданы дайындағаны үшін ШҚО білім беру басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Толығырақ

Ұлы Жеңіске – 70 жыл!

2015 жылы   мамырдың 5-інде Жеңістің  70 жылдығына орай өткізілген «Жеңіс көктемі» қалалық өлең оқу байқауына ҚАЕУ колледжінің студенттері қатысты. Қазақ тілі, ағылшын және орыс тілі секциялары бойынша байқау  «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ  өтті. Ағылшын тілі секциясы бойынша 13НОк-1 тобының студенті Бақаева Ботагөз І орынды иеленгені үшін диплом және сертификатпен марапатталды.  ІІІ орын алғаны үшін 14НОк-1 тобының студенті Серікқалиқызы Жанна диплом және сертификатпен марапатталды. Қазақ тілі  және орыс тілі секциялары бойынша Котельникова Дарья мен Котельникова Любовь байқауға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Байқауға студенттерді дайындағаны үшін оқытушылар: Мукажанова А.М., Ким В.А., Жайсанбаева А.С. алғыс хатпен марапатталды.

Толығырақ

30 тамыз ата заң кунінде

30 тамызда біздің сүйікті Өскемен қаласының орталық алаңыда өткен шеруде біздің колледже ат салыса қатысты

Толығырақ

Жаңа сайтқа қош келдіңіздер

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бізде жаңа сайт! Іздеген ақпаратты таба аласыз деген үміттеміз!

Толығырақ