Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу туралы

2023 жылғы 7 қараша күні ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің базасында ШҚО ТЖД Өскемен қаласы гарнизонының өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің ұйымдастыруымен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Жаттығулар барысында өрт сөндірушілер студенттер мен колледж қызметкерлерін ғимараттан эвакуациялауға дайындық деңгейін тексеру жұмыстарын жүргізді, қатысушылардың негізгі күштер мен құралдар келгенге дейін ықтимал өртті жоюды ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары үйлестірілді.