«Денсаулық күні» атты спорттық мерекесі өткізілді

2023 жылғы 11 қазан күні ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің 1 курс студенттері арасында «Денсаулық күні» атты спорттық мерекесі өткізілді. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Міндеттері: білім алушылардың қозғалыс белсенділігін қалыптастыру; төзімділікті, ептілікті, өз қимылдарын үйлестіру қабілетін дамыту және жетілдіру; білім алушылардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын дамыту.
Спорттық мерекені ұйымдастырушылар: дене тәрбиесі оқытушылары К.Т. Төлеуханов, Е.Ю. Савельева, Б.А. Жамалданова.