Оқу сот процессі бойынша облыстық сайысы

2017 жылдың 28-29 қараша күндері ҚАЕУ колледжінің командасы ШҚО жоғарғы оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындары арасында ұйымдастырылған оқу сот процессі бойынша облыстық сайысына қатысты. Сайыс 2017-2020 жж. мемлекеттік тапсырыс бойынша сот білімі Стратегиясының негізінде «ШҚО жастар құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында ҚР сот алқасының Шығыс Қазақстан филиалы», ардагерлер алқасы, жастар сот алқасы, Шығыс Қазақстан облыстық сотының оқу орталығы колдауымен ұйымдастырылған.

Сайыс 2 кезеңнен тұрды: сот процестері және процеске қатысушылардың өз мамандықтары бойынша білім деңгейін қорғай білу қабілеті. Сайыс қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің командасы ІІІ орынға ие болып, Кубокпен марапатталды.