Облыстық фестиваль «Тәлімгер-Вожатый Fest»

2017 жылдың 12 мамыр күні ҚАЕУ колледжінің студенттері «Тәлімгер Вожатый Fest» облыстық фестиваль сайысына қатысты. «Балалардың және жасөспірімдердің жазғы демалыс кундерін тиімді ұйымдастыру мен сауықтыру» мақсатында  өткен нақты шарада жоғарғы оқу орындары мен  колледждің педагогикалық мамандығы бойынша білім алушылары бақ сынасты.

Фестиваль бағдарламасы бойынша сайыс 4 түрлі кезеңнен тұрды, осы талаптар бойынша қатысушылар өздерінің дайындап келген мерекелік шараларынан үзінді көрсетті. Болашақ оқытушылар  фестиваль тақырыбына сай интелектуалдық, шығармашылық қабілеттерімен бірге креативтік көзқараспен командалық бірліктерімен әділқазы алқасының көңілін таба білді.