Облыстық «My PRO» мамандықтар фестивалі

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында  ағымдағы жылдың 16-18 қазан аралығында 7-11-сынып оқушыларына арналған «My PRO» мамандықтар фестивалі өтті.

Арнайы алаңдарда қатысушылар Шығыс Қазақстан облыс колледждерінің ең үздік маман иелерімен танысып, өздерін «Құрылыс жұмыстарының шебері», «Мұғалім», «Омарташы», «Дәнекерлеуші», «Парикмахер-модельер», «Медбике», «Техник-электрик», «Аспазшы», «Тракторист-машинист», «Туризм», «Экономика», «Көлік», «Әртіс» және тағы басқа мамандарының орнында көре алды.

ҚАЕУ колледжінің студенттері «Туризм» мамандығының біздің өңірде танымал мамандықтарының бірі екенін көрсете отырып, оқушыларды қызықтыра алды.