«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін және бәсекеге қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумы

2018 жылдың 15 ақпан күні «Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледж»  КМҚК базасында өткен «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін және бәсекеге қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумына ҚАЕУ колледжінің жалпы білім беретін және жалпы гуманитарлық пәндер оқытушылары қатысты.

Семинар-практикумның мақсаты мен міндеті: оқытушыларға жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру, педагогикалық тәжірбиені жетілдіру, педагогтардың практикалық дағдыларын және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.