«Педагогикалық кадрларды Қазақстан Республикасының колледждерінде даярлау: талаптар мен жаңа мүмкіндіктер» атты республикалық семинар

2018 жылдың 9 ақпанда ҚАЕУ колледжінің оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысы бойынша директор орынбасары Б.Б. Биткенбаева мен әдіскері Р.К. Таскимбаева «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ұйымдастыруымен өткен Астана қаласындағы «Гуманитарлық колледжі» МКҚК базасында «Педагогикалық кадрларды Қазақстан Республикасының колледждерінде даярлау: талаптар мен жаңа мүмкіндіктер» атты Республикалық семинарына қатысты. Семинарға педагогикалық мамандықтар бойынша кәсіби кадрлардың дайындығын жүзеге асыратын 103 колледж (180 адам) қатысты.
Семинар барысында мектептерде оқыту мазмұнының жаңаруына сәйкес, оқыту мазмұнының трансформациясының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды тәжірибелік даярлаудың өзекті мәселелері қарастырылды.