Практиканттар жәрмеңкесі

2017 жылы 16 қазан күні ҚАЕУ колледж студенттері жұмыс берушілердің қатысуымен өткен «Іс-тәжірибеден өтушілердің жәрмеңкесінде» болып қайтты.

Іс-тәжірибе базаларымен қамтамасыз ету бойынша келесі кәсіпорындармен келісім шарт жасалынды: «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттеріне — «BEST» тіл үйрету орталығы, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері үшін — «1С-Рейтинг» ЖШС, «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттеріне — «Пицца-Блюз» ЖШС фирмасы.