Діни сауаттылық – заман талабы
Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі – рухани, құқықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құқытық даму проблемасы қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дінді гуманистік білім берудің ажырамас компоненті ретінде зерттеу маңызды. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады.Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Ал сол білімді жастарға беруде қызмет ететін тұлғалар –теолог мамандар қауымы. Заман жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктейді. Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асады. Сондықтан діни сауаттылықтың адам санасының оңды дамуындағы рөлі маңызды болмақ. Ал қазіргі таңда дінге бет бұрған жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында Ислам мемлекеттеріне барып, ілім ізденіп келушілердің саны көбейді. Сол жастарымыз Ислам қазақ қоғамының дәстүрлі ұстанымы мен ерекшеліктеріне, құндылықтарына ешқандай да қарама-қайшылық туғызбайтындығы жайында студенттерге Шығыс Қазақстан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының республикалық деңгейдегі теологтары Кеңшілік Тышхан мен Ернур Қанапьянов сынды өз ісінің мамандары жан-жақты мәліметтер беріп,толғандырып жүрген сұрақтарына тыңғылықты жауап берді.
