Республикалық пікір-сайыс турнирі

2017 жылдың  8-9 сәуір күндері Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті А. Байтұрсынұлының 145-жылдығы және Ректор кубогына арналған Республикалық «ҚызПУ CUP ΙΙΙ» пікір-сайыс турнирі өтті.

Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің тәжірибелі пікір-сайысшылары аталған турнирге қатысып мықты, жүйелі ойын көрсетіп, оқу орны беделін Республика пікір-сайысшылары арасында нығайтты.

Еміл Әли, Айынкір Бақболсын, Идаятұлы Кәшап, Асылғазы Алтынай көшбасшылық пен  шешендік  қасиеттерін көрсетті. Студеттерді осындай іс-шараларға тарту  мол тәжірибе жинауға, жаңа достар тауып, пікір-сайысшылар турнирлерге қатысу географиясын кеңейтеді.