Шексіз оқулар — 2018

5-9 қазан аралығында Шығыс Қазақстан аумағында «Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар» жобасы аясында төртінші рет балалар оқуы мен балалар әдебиеті күндері өтуде. Жоба А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы және Ресей Федерациясының Ленинград облыстық балалар кітапханасының бастамасымен, Санкт-Петербург Жазушылар Одағы, Пушкин Үйі, Ресейдің жетекші баспаларының қолдауымен жүзеге асып отыр.

ҚАЕУ колледжінің «Негізгі орта білім беру» мамандығының студенттері «Я и мои окрестности: Память. Образ. Будущее» балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа кітаптар көрмесі және «Как и где найти свое чтение?» оқырмандардың шығармашылық студиясына қатыса отырып, өздеріне көп мәліметтер алды.