Шетел студенттер тобымен кездесу

09.02.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде «Бастауыш білім беру» және «Аударма ісі»  мамандықтарының білім алушыларымен американдық Нортвест университетінің студенттерімен (Сиэтл, Вашингтон штаты, АҚШ) керемет кездесу өтті.

Ақ көңіл, ашық мінезді   американдық студенттері өздерінің туып өскен қалалары жөнінде, білім алып отырған оқу орны туралы қызықты әңгімелер айтып берді. Колледждің студенттері де өз пікірлерін еркін айтып, көзқарастарымен бөлісті, сондай-ақ колледждің белсенді тобы олармен қызықты да, көңілді «Крокодил» ойынына қызығушылықпен қатысты.

Колледж студенттері керемет мүмкіндіктер мен тәжірибе алып, уақытты қызықты өткізді.