«Студенттік көктем — 2018» атты облыстық фестиваль

2018 жылдың 26 сәуір күні ҚАЕУ колледжінің студенттері «Студенттік көктем — 2018» атты облыстық фестивальге қатысты.

Сайыс аясында Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары үшін колледж оқу орындарының жәрмеңкесі өтті. Сайыс қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің белсенді қатысушылары үздік өнер көрсетіп, орта арнаулы оқу орындары арасындағы «Үздік шығармашылық алаң» номинациясын иеленгені үшін Диплом мен Кубогы және 150 000 мың теңгелік қаржылық сертификатымен марапатталды.