«Своя игра» зияткерлік ойыны туралы

11.05.2016 жылы колледжде бірінші курс студенттерінің арасында «Своя игра» зияткерлік ойыны өткізілді. Сабақтан тыс шараны өткізу барысында келесі мақсат-міндеттер алға қойылды: жалпы білім беру пәндеріне қызығушылықты арттыру, білім алушылар арасында қызықты есептер шешуді насихаттау, интеллектерін дамыту.

Білім алушылар ойын барысында химия, биология, физика, география және дене шынықтыру пәндері бойынша сұрақтарға жауаптар берді.  15НО-р1 тобының студенттері «Химия», «Биология» пәндеріне арналған таныстырылымдарын ұсынды.

Ойын нәтижесі бойынша орындар төмендегідей болды:

І орын – Худяков Владислав (15 Т-р1 тобы),

ІІ орын – Катышева Луиза (15 ПД-р1 тобы),

ІІІ орын – Фоминых Олег (15 ПД-р3 тобы).