«Тәлімгер-Вожатый fest» атты облыстық фестиваль

2018 жылдың 17 мамыр күні ҚАЕУ колледжінің студенттері «Тәлімгер Вожатый fest» облыстық фестиваль сайысына қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы өткен шарада жоғарғы оқу орындары мен  колледждің педагогикалық мамандығы бойынша білім алушылары бақ сынасты.

Фестиваль бағдарламасы бойынша сайыс 4 түрлі кезеңнен тұрды: педагогикалық жасақтардың визиттік карточкасы, үй тапсырмасы,  зияткерлік-шығармашылық квест,  флешмоб. Болашақ оқытушылар  фестиваль тақырыбына сай интелектуалдық, шығармашылық қабілеттерімен бірге асқақ таланттарымен көріне білді.