«Тәуелсіздік қарлығаштары» атты көрмесі

2018 жылы 7 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайында 1986 жылғы Алматыдағы әйгілі Желтоқсан оқиғасына байланысты «Тәуелсіздік қарлығаштары» атты еске алу іс-шарасы өткізілді. «Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты көрме бойынша экскурсия жүргізіліп, ҚАЕУ колледжінің студенттері дайындаған баяндамалары тындалды. Іс-шара соңында «Желтоқсан 1986 жыл» атты деректі фильм көрсетіліп,  колледж оқытушылары Елеусизова А.Р., Сегизбаева Ж.Б. және белсенді қатысқан студенттерге алғыс хаттар берілді.