Ашық диктантқа қатысқаны туралы

2016 жылдың 18 мамыр күні Өскемен қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Мерейтойға байланысты атқарылған іс-шараның мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттау, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болды. Аталған шараға Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің 50 студенті қатысып, өз білім-біліктерін көрсетті.

Толығырақ

Жер кодексіне енгізілген өзгертулер туралы

2016 жылдың 18-мамырында  ҚАЕУ колледжінің студенттеріне арнайы пән оқытушылары Макаримов Б.М., Сегизбаева Ж.Б. Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды  түсіндіру мақсатында дәріс жүргізді. Жаңартылған Жер кодексінің қолданысқа енгізілуіне орай ауыл шаруашылығына жарамды  жер телімдерін ұқыпты  пайдалану, сәйкесінше аграрлық секторды дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтудың  қосымша мүмкіндіктері, инвестиция тарту, инновациялар енгізудің заңнамалық негіздері қаланатыны туралы айтылды. Колледж студенттеріне Жер кодексіне енгізілген өзгертулер туралы түсіндірілді

Толығырақ