«Турград-2016» атты спорттық көпшілік іс-шарасы туралы

2016 жылдың 24 мамыр күні Өскемен қаласының Комсомол аралында ШҚО Ішкі істер департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасымен ұйымдастырылған «Есірткіге қарсы туризм» қалалық Акциясы бағдарламасы бойынша «Турград-2016» атты спорттық көпшілік іс-шарасы өткізілді. Сайысқа ҚАЕУ колледжінің де білім алушылары қатысты. Іс-шара екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде білім алушылар өздерінің спорттық-туристік дағдыларын көрсетсе, екінші кезеңде  команда жанкүйерлері үшін туристік әндер бойынша шығармашылық конкурс өтті. Ең қиын және қызықты конкурстардың бірі «Рафтинг» болды. Жарысқа қатысушылар естен кетпес жақсы әсер алды. Әділ-қазылар алқасы қорытынды  шығарғанша, жарысқа қатысушылар  белсенділік танытып флеш-моб ұйымдастырды. Сайыс қорытындысы  бойынша ҚАЕУ командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жүлдегерлерге құрмет грамоталары, кубоктар, […]

Толығырақ

Жер реформасы жайлы кездесу

2016 жылдың  23 мамыр күні Қазақстан-Американдық еркін университеті  колледжінде   студенттердің  ШҚО аумақтық  инспекциясының басшысы – Аскар Шакенович Жакупбаевпен кездесуі өтті. Кездесу кезінде Жер реформасы жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Колледж студенттері  толық, мазмұнды ақпарат алды. Нақты мәліметтері бар слайдтар, бейнероликтер  көрсетілді

Толығырақ

Ашық диктантқа қатысқаны туралы

2016 жылдың 18 мамыр күні Өскемен қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Мерейтойға байланысты атқарылған іс-шараның мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттау, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болды. Аталған шараға Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің 50 студенті қатысып, өз білім-біліктерін көрсетті.

Толығырақ

Жер кодексіне енгізілген өзгертулер туралы

2016 жылдың 18-мамырында  ҚАЕУ колледжінің студенттеріне арнайы пән оқытушылары Макаримов Б.М., Сегизбаева Ж.Б. Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды  түсіндіру мақсатында дәріс жүргізді. Жаңартылған Жер кодексінің қолданысқа енгізілуіне орай ауыл шаруашылығына жарамды  жер телімдерін ұқыпты  пайдалану, сәйкесінше аграрлық секторды дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтудың  қосымша мүмкіндіктері, инвестиция тарту, инновациялар енгізудің заңнамалық негіздері қаланатыны туралы айтылды. Колледж студенттеріне Жер кодексіне енгізілген өзгертулер туралы түсіндірілді

Толығырақ