Экономикалық пәндерден өткен олимпиада

14.12.2016 жылы КАЕУ колледжінің тобы ШҚО колледждерінің студенттері арасында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орайластырылған Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің Өскемен қаласындағы бөлімшесі ұйымдастырған халықаралық олимпиадаға қатысты. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өтіп, 2 турды қамтыды: «Қазақстан экономикасы: Тәуелсіздікке — 25 жыл» атты жобаны қорғау, тест тапсырмаларын орындау мен логикалық есептерді шешу. ҚАЕУ колледжінің «НЛО» атты тобы ІІ орынды иеленгені үшін Дипломмен марапатталды.

Толығырақ

«Жайдарман» Республикалық шығыс орталық лигасы

11.12.2016 жылы Өскемен қаласында Металлургтер мәдениет үйінде  «Жайдарман»  Республикалық  шығыс орталық лигасының финалында ҚАЕУ колледжінің  «Жігіттер» командасы да өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Қызықты ойындарымен әділқазылар тарапынан тек жақсы ықыластарға ие болды. Сондай-ақ олардың бағдарламаларындағы  Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған қойылымдары ерекше атап өтті.                  Әділқазы қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің командасы жүлделі 3-орынды жеңіп алды.

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорттық эстафета

10 желтоқсан 2016 жылы Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойын атап өтудегі «25 жұлдызды күн» жоспары бойынша ҚАЕУ колледжінің бірінші курс студенттер арасында спорттық эстафета шарасы ұйымдастырылды. Шара патриоттық әндермен өрнектелген,  спорттық сайыстар, сондай-ақ интелектуалдық үзіліспен өте қызықты өтті.Ұйымдастырушылар  шараға қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай білді.

Толығырақ

Жастар форумы

2016 жылдың 8 желтоқсан күні ҚАЕУ колледж студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Нұрлы Болашақ» қалалық жастар форумына студенттік өзін-өзі басқару комитеті, колледж президенті Сапиолда Арманның бастауымен қатысып қайтты.

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады

2016 жылдың 7 қараша күні ҚАЕУ колледжінің студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Біз – еліміздің болашағымыз» атты би флешмобын өткізді. Осылайша, колледж жастары, XXI ғасыр ұрпағы бола отырып, тәуелсіз, егеменді, демократиялық мемлекетіміздің тарихына және болашағына өз  құрметін білдіре алды.

Толығырақ