Ағылшын тілінің практикасы

КАЕУ колледжінің студенттеріне тағы да Кейтлин Хайдпен (АҚШ) қызықты ойындар, пайдалы сабақтар, ағылшын тілінің практикасы 2017 жылдың cәуірдің 13, 20-сы күндері өтті. Кейтлин Хайдтың кәсіптік шеберлігі мен тәжірибесін пайдалана отырып, колледж студенттері ағылшын тіліне қызықты саяхат жасады.

Толығырақ

Болашақ оқытушыларға арналған тәжірибелік сабақ

2017 жылдың 13 ақпан күні  ағылшын пәнінің оқытушысы Гэри Сопер (Портленд, Орегон, АҚШ) «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттеріне тәжірибелік сабақ өткізді. Студенттер бастауыш сыныптарында тәжірибелік еңбек өтілі бар оқытушымен пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Гэри Сопер көрнекіліктерді пайдалана отырып, студентерге шетел балалар әдебиетінің жанрларымен таныстырды. Сабақ барысында болашақ бастауыш сыныптарда шет тілін оқытудағы тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға негізделген сұрақтар қарастырылды.

Толығырақ