«Маусымашар-2017» атты Республикалық фестиваль

ҚАЕУ колледжінің «Тарбағатай-Los Angeles» КВН командасы ағымдағы жылдың 27 қаңтар айы мен ақпанның 3-не дейін Астана қаласында өткен «Жайдарман» ойындарының Республикалық «Маусымашар-2017» фестиваліне қатысып, әр аймақтан келген 166 команданың ішінен өз өнерлерін көрсетіп, Республикалық бірінші лига сайысына жолдама алып қайтты.

Толығырақ

Ұлттық ойын «Тоғыз құмалақ» сайысы

3 ақпан 2017 жылы ҚАЕУ колледжінің спорт залында  оқытушы К.Т. Толеухановтың ұйымдастыруымен ұлттық ойын «Тоғыз құмалақ» сайысы 1 — 4 курс студенттер арасында өтті. Сайысқа қатысушылар өздерінің математикалық, логикалық ойлау қабілеттерін сайыс барысында пайдалана  білді. Рахимбеков Куандық, Резанов Николай, Серік Жанар, Құмарқанова Алина  сияқты студенттер өте жақсы ойын көрсетті.

Толығырақ

Экономикалық мамандықтар бойынша өткен облыстық конкурс

21.12.2016 жылы ҚАЕУ колледжінің тобы ШҚО Техникалық және кәсіби білім беру жүйелердегі оқу орындарының студентеттері арасында Өскемен экономика және қаржы колледжі ұйымдастырған облыстық сайысқа қатысты. Сайыс екі тілде өтіп, 4 турды қамтыды. Сайыс барысында ҚАЕУ колледжінің студенттері «Бухгалтерлік баланс», «Есептер және екі жақты жазу» пәндер бойынша өздерін кешенді есептерді шығаруда білімдерін көрсете білді. ҚАЕУ колледжінің тобының құрамы: Дроздова Полина, Осипова Анастасия, Медведева Екатерина және Елемесова Бибигуль, жетекші — Мурзаканова Айнур Кайролдакызы, арнайы пәндер оқытушысы, III орынды иеленгені үшін Дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, Дроздова Полина жүлделі III орынға ие болды.

Толығырақ

Экономикалық пәндерден өткен олимпиада

14.12.2016 жылы КАЕУ колледжінің тобы ШҚО колледждерінің студенттері арасында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орайластырылған Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің Өскемен қаласындағы бөлімшесі ұйымдастырған халықаралық олимпиадаға қатысты. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өтіп, 2 турды қамтыды: «Қазақстан экономикасы: Тәуелсіздікке — 25 жыл» атты жобаны қорғау, тест тапсырмаларын орындау мен логикалық есептерді шешу. ҚАЕУ колледжінің «НЛО» атты тобы ІІ орынды иеленгені үшін Дипломмен марапатталды.

Толығырақ

«Жайдарман» Республикалық шығыс орталық лигасы

11.12.2016 жылы Өскемен қаласында Металлургтер мәдениет үйінде  «Жайдарман»  Республикалық  шығыс орталық лигасының финалында ҚАЕУ колледжінің  «Жігіттер» командасы да өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Қызықты ойындарымен әділқазылар тарапынан тек жақсы ықыластарға ие болды. Сондай-ақ олардың бағдарламаларындағы  Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған қойылымдары ерекше атап өтті.                  Әділқазы қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің командасы жүлделі 3-орынды жеңіп алды.

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорттық эстафета

10 желтоқсан 2016 жылы Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойын атап өтудегі «25 жұлдызды күн» жоспары бойынша ҚАЕУ колледжінің бірінші курс студенттер арасында спорттық эстафета шарасы ұйымдастырылды. Шара патриоттық әндермен өрнектелген,  спорттық сайыстар, сондай-ақ интелектуалдық үзіліспен өте қызықты өтті.Ұйымдастырушылар  шараға қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай білді.

Толығырақ

Жастар форумы

2016 жылдың 8 желтоқсан күні ҚАЕУ колледж студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Нұрлы Болашақ» қалалық жастар форумына студенттік өзін-өзі басқару комитеті, колледж президенті Сапиолда Арманның бастауымен қатысып қайтты.

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады

2016 жылдың 7 қараша күні ҚАЕУ колледжінің студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Біз – еліміздің болашағымыз» атты би флешмобын өткізді. Осылайша, колледж жастары, XXI ғасыр ұрпағы бола отырып, тәуелсіз, егеменді, демократиялық мемлекетіміздің тарихына және болашағына өз  құрметін білдіре алды.

Толығырақ

ҚАЕУ таланттары — 2016

02.12.2016 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінің акт залында «ҚАЕУ таланттары — 2016» сайысы өтті. Сайысқа университеттің, ҚАЕУ колледжі мен экономика және қаржы колледжінің  студенттері қатысып, әртүрлі жанрда өз өнерлерін көрсетті. ҚАЕУ колледжінің студенттері «Жастар Live» КВН командасының миниатюрасымен, Қадырбеков Раджан және Касенова Жансая әуенді әндерімен,  «AFamily» би тобы әдемі биімен көрермен қошеметіне ие болды. Әділқазылардың бағалау қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің студенттері  «Үздік би» және «Креатив» номинациясын жеңіп алды.

Толығырақ

«МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЛОГИКА» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

30.11.2016 жылы ҚАЕУ колледжінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТиПО жүйесіндегі оқу орындарының бірінші курс студенттері арасында «Математикалық логика» тақырыбында облыстық  олимпиада өтті. Олимпиадаға  облыстың 20 колледждерінің  білім алушысы қатысты. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өтіп екі турдан тұрды: 1 тур — тестік тапсырмалар, 2 тур — тәжірибелік тапсырмалар. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей болды: Мемлекеттік тілде оқитын студенттер арасында № Жүлделі орындар Студенттің аты- жөні Оқу орнының атауы 1 І орын Бинехан Әлі Айтжанұлы Радиотехника және байланыс  колледжі, Семей қ. 2 ІІ орын Зиядабекова Кербез Жасұланқызы Зайсан технология колледжі 3 ІІІ орын Бокешова Алина Берікқанқызы М. Әуезов атындағы педагогикалық […]

Толығырақ