«American tradition Day» атты іс-шара

2018 жылдың 26 қазан күні «English Club» клубы жұмысының аясында «American tradition Day» атты іс-шара өтілді.

Толығырақ

Колледж бітірушілерімен кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізілуде

2018 жылдың 26 қазан күні ҚАЕУ колледжінің бітірушілері Қазақстан-Американдық еркін университетінің сырттай оқу болімшенің деканы Н.М. Шефермен кедесу өтті.  

Толығырақ

Республикалық еріктілер слёті

ҚАЕУ колледжінің «Негізгі орта білім беру» мамандығының студенті Жотабаева Зұлфия Алматы қаласы жастар саясаты мәселері жөніндегі басқарма қолдауымен жүзеге асқан Республикалық еріктілер слетіне қатысты. 5 күндік іс-шарасы 2018 жылғы қазанның 20-25 күндерінде өтті.

Толығырақ

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу

2018 жылдың 18 қазан күні ҚАЕУ колледжінде ШҚО ішкі істер департаменің Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар, жетекші психолог мамандары, сондай-ақ заңтану ғылымының докторы Рахимбердин Қ.Қ. ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыбында 1 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы кеңінен түсініктеме берілді.

Толығырақ

Шексіз оқулар — 2018

5-9 қазан аралығында Шығыс Қазақстан аумағында «Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар» жобасы аясында төртінші рет балалар оқуы мен балалар әдебиеті күндері өтуде. Жоба А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы және Ресей Федерациясының Ленинград облыстық балалар кітапханасының бастамасымен, Санкт-Петербург Жазушылар Одағы, Пушкин Үйі, Ресейдің жетекші баспаларының қолдауымен жүзеге асып отыр. ҚАЕУ колледжінің «Негізгі орта білім беру» мамандығының студенттері «Я и мои окрестности: Память. Образ. Будущее» балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа кітаптар көрмесі және «Как и где найти свое чтение?» оқырмандардың шығармашылық студиясына қатыса отырып, өздеріне көп мәліметтер алды.

Толығырақ

«Астана — Вашингтон: достық сәулеті» сайысы

2018 жылдың 24 маусым күні А.С. Пушкин кітапханасындағы Американдық бұрышында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана — Вашингтон: достық сәулеті» сайысы өтті. Әділ-қазыларға ҚАЕУ колледжінің «Ақпараттық жүйелер» және «Аударма ісі» мамандықтарынан 5 студент қатысып,  макет — жұмыс үлгілері ұсынылып, екі елдің арасындағы достық тарихы мен көрнекті орындарындарын көрсетті. Гран-При жүлдегері Резанов Николай атанып, Астананың 20-жылдық мерейтойына Астана қаласына баруына жолдама алды.          1-орынды Лукашенко Владислав алып, марапат ретінде жеңімпаз сертификаты мен сыйлықтар алды. Сайысқа қатысқан Бияхметов  Тамирлан, Қарахожин Диас, Мұқтарбек Ерасыл сертификат пен жайландыратын сыйлықтармен марапатталды.

Толығырақ

STARTUP BOLASHAK: Менің Арманым» байқауы

8-10 маусым аралығында ҚАЕУ колледжінің білім алушысы Даулетжан Алишер Республикалық жоба – «STARTUP BOLASHAK: Менің  Арманым» байқауының 1/4 финалына қатысты. Фестиваль форматында өтті, 471 стартап-жоба ұсынылды. Қорытынды бойынша Алишер жартылай финалға өтті. Құттықтаймыз!  

Толығырақ

Музыкалық аспаптар шеруі

2018 жылдың 1 маусым  күні Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалардың музыкалық аспаптар шеруіне ҚАЕУ колледжінің 130 студенті қатысты. 60 домбырашы мен 70 гитарашы колледждің музыкалық аспаптар ансамблі шерудің сәнін аша түсті.

Толығырақ

«Туризм және Мен» атты облыстық конкурсы

ҚАЕУ колледжінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың мамыр айының 25-і күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  іске  асыру аясында «Білікті маман» жобасы шеңберінде ТжКББ жүйесіндегі оқу орындарының «Туризм» мамандығы бойынша білім алушылары арасында «Туризм және Мен» атты облыстық конкурсы өтті. Бұл конкурсқа 5ес оқу орнының командасы белсенділікпен қатысты. Конкурс барысы 14 кезеңнен тұрды, әр команда өз мамандығы бойынша алған теориялық білімдерін, тәжірибелік шеберліктерін жан-жақты көрсете білді. Әділқазының бағалау қорытындысы бойынша, ҚАЕУ колледжінің «Самрұқ» командасы өзге командалардан шапшаңдылықпен ерекшеленіп, бас жүлдені жеңіп алды.

Толығырақ

«Тәлімгер-Вожатый fest» атты облыстық фестиваль

2018 жылдың 17 мамыр күні ҚАЕУ колледжінің студенттері «Тәлімгер Вожатый fest» облыстық фестиваль сайысына қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы өткен шарада жоғарғы оқу орындары мен  колледждің педагогикалық мамандығы бойынша білім алушылары бақ сынасты. Фестиваль бағдарламасы бойынша сайыс 4 түрлі кезеңнен тұрды: педагогикалық жасақтардың визиттік карточкасы, үй тапсырмасы,  зияткерлік-шығармашылық квест,  флешмоб. Болашақ оқытушылар  фестиваль тақырыбына сай интелектуалдық, шығармашылық қабілеттерімен бірге асқақ таланттарымен көріне білді.

Толығырақ