Ардагерлерді ардақтайық!

2018 жылдың 15 наурыз күні ҚАЕУ колледжінің «Мейірім» волонтерлік қозғалысының мүшелері тыл еңбеккері Раиса Ларионовна Ярощенконың есік алдындағы қалың қарды тазалап, өзге де ауыр жұмыстардың бір шамасын орындауда көмек көрсетті. Мұндай акциялар  «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының негізінде үлкендерді құрметтеу мақсатында жыл бойы дәстүрлі түрде атқарылады.  

Толығырақ

Акция «Көше мерекесі»

5 мамыр 2017 жылы ҚАЕУ колледжінің  студенттері Шығыс Қазақстан облысының халық Ассамблеясының ұйымдастыруымен, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне 72 жыл толу мерейтойына орай өткен «Көше мерекесі» акциясына қатысты. Студенттер және оқытушылар Попов көшесі бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, заңсыз төгілген қоқыс-қалдықтарын жинастырды.  

Толығырақ

«Жасыл елім — 2017» атты экологиялық акция

2016 жылдың 21 сәуірінде Сол жағалаудағы мұражай кешенінде ШҚО-ның қоршаған ортасын қорғауға бағытталған «Жасыл елім — 2017» атты экологиялық акция өтті.  Шараның ұйымдастырушысы – «Кругозор» туризм мәдениеті Жастар орталығы. ҚАЕУ колледжінің студенттері мен оқытушылары мұражай кешенін тазартып, жас ағаштар отырғызып, игі іс жасап қайтты.

Толығырақ

«Қазақстан» тауында өткен акция туралы

ҚАЕУ колледжінің студенттері колледж оқытушысы Қ.Т. Толеухановпен бірге 03.06.2016 жылы «Қазақстан» тауында өткен «Бұл – менің Әнұраным! Бұл – менің Туым! Бұл – менің Елтаңбам!»         атты Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған акцияның қатысушылары болды. Мемлекеттік Әнұранды орындаумен қатар Өскемен қаласы әкімінің алғыс хаттарын табыстау, мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімдерінің куәгерлері болды.  Патриоттық іс-шараның маңыздылығын әрбір қатысушы ерекше сезінді.

Толығырақ