Оралхан Бөкей атындағы кітапханада өткен кездесу

2024 жылдың 14-15 қараша күндері ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің оқытушысы М.К. Омарбекова ұйымдастырумен Оралхан Бөкей атындағы кітапханада 24М-р1.1, 24М-р1.2 топтарының студенттерімен «Кенді Алтай – талантты сөз шеберлерінің Отаны» тақырыбында орыс әдебиеті бойынша сабақ өтті. Студенттер бүгінгі заман кітапханасының керемет әлемімен танысты. Мұнда өткен мен болашақ тоғысқандай: ескі мен жаңа кітаптардың қатарлары, жайлы оқу залдары және заманауи компьютерлер мен жұмсақ креслолар орналасқан аймақ. Шығыс Қазақстанның жазушылары мен ақындары – Оралхан Бөкей, Анатолий Иванов, Борис Щербаков және тағы басқа қаламгерлердің шығармашылығы туралы әңгіме қозғалған осындай кездесулер біздің студенттермен де өтті. Кездесуден кейін студенттер эссе жазып, кітапхана туралы, оның әлеуметтік кеңістік ретіндегі рөлі және […]

Толығырақ

Әбділда Тәжібаев: «Сыр сұлтаны, жыр тұлпары»

2019 жылдың 19 сәуір күні ҚАЕУ колледжінің «Негізгі орта білім беру» мамандығының білім алушылары көрермен ретінде Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу сайысына қатысты. Сайыс ағымдағы жылдың «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты  дарынды жастарға қолдау көрсетіп, халыққа таныту мақсатында, «Бір ел — бір кітап» Республикалық ақциясы аясында өткен болатын. Жас таланттар ақынның отан сүйгіштікке, туған табиғатымызды аялауға, елімізді сүюге баулитын  өлеңдерін жатқа оқыды. Қатысушылар сөз зергері туындыларының лирикалық қаһармандарының ойлары, сезімдері мен толқуларын жан-жақты аша білді.

Толығырақ