«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қалалық пікір-сайысшылар турнирі

  2018 жылдың 8 сәуір күні Өскемен қаласыда C. Аманжолов атындағы мемлекеттік университет ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қалалық пікір-сайысшылар турниріне «Алаш ұрпақтары» дебат клубы мүшелері қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетіп, ІІ–орын Идаятұлы Кашап, ІІІ–орын Еміл Әли мен Айынкір Бақболсын алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!

Толығырақ

Республикалық «TECHNO CUP ΙΙΙ» пікір-сайыс турнирі

2018 жылдың  9-13 ақпан күндері Алматы қаласы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Рухани жаңғыру – жаһандық бәсеке негізі» атты Ректор кубогына арналған Республикалық «TECHNO CUP ΙΙΙ» пікір-сайыс турниріне Қазақстан-Американдық еркін университеті және Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжі мен Экономика және қаржы колледжі студенттері қатысты. Аталған турнирде студенттер жақсы ойын өрнегін көрсетіп, оқу орны беделін республикалық оқу орныдары арасында асқақтатып Алғыс хат пен қатысу сертификаттарымен марапатталды.

Толығырақ

Жас пікірсайысшылар жетістігі

2017 жылы 11 – 12 қараша күндері Семей қаласында «Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет қолдауымен  және «Пікір — сайыс клубтары қоғамдық бірлестігі» ұйымдастыруымен  Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл толуы аясында «Бастау — 2017» Республикалық жас пікір-сайысшылар турниріне «Алаш ұрпақтары» дебат клубы мүшелері Амантаева Есенгүл, Бекмуханбетова  Мөлдір, Сексенбай Жанерке, Еміл Әли, Сәрсенбаева Жанбота, Мухаметрахимова Дильназ, Әбілмажинова Ақбота, Сейтқазықызы Аяужан, Нұрланбекқызы Марипа, Өмірәлі Абзал, Идаятұлы Кәшап, Иханова Еркежан  қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетіп, 4–орында Өмірәлі Абзал, Амантаева Есенгүл тұрақталды.  

Толығырақ

«Final CAP ΙΙ» қалалық пікір-сайысшылар турнирі

14.05.2017 жылы Қазақстан-Американдық еркін университет колледжінде «Final CAP ΙΙ» атты қалалық пікір-сайысшылар турниріне ҚАЕУ колледжі, Өскемен медициналық колледжі, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі, Өскемен политехникалық колледжі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дан 16 фракция қатысты. Турнир қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжі «Алаш ұрпақтары» интеллектуалды дебат клубы студенттері Марат Нұргүл бірінші орын, Айінкір Бақболсын мен Еміл Әли екінші орын алған, Идаятулы Кашап төртінші орынға тұрақтады. Турнирдің «Үздік спикері»  Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Манапбай Әділ атанды.

Толығырақ

Республикалық пікір-сайыс турнирі

2017 жылдың  8-9 сәуір күндері Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті А. Байтұрсынұлының 145-жылдығы және Ректор кубогына арналған Республикалық «ҚызПУ CUP ΙΙΙ» пікір-сайыс турнирі өтті. Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің тәжірибелі пікір-сайысшылары аталған турнирге қатысып мықты, жүйелі ойын көрсетіп, оқу орны беделін Республика пікір-сайысшылары арасында нығайтты. Еміл Әли, Айынкір Бақболсын, Идаятұлы Кәшап, Асылғазы Алтынай көшбасшылық пен  шешендік  қасиеттерін көрсетті. Студеттерді осындай іс-шараларға тарту  мол тәжірибе жинауға, жаңа достар тауып, пікір-сайысшылар турнирлерге қатысу географиясын кеңейтеді.  

Толығырақ

«Мәңгілік Ел жастары» атты облыстық пікір-сайысшылар турнирі

11.11.2016 жылы Жастар орталығы қолдауымен және Өскемен медециналық колледжі ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы 25 жылдығы аясында «Мәңгілік Ел жастары» атты облыстық пікір-сайысшылар турниріне ҚАЕУ колледжі студенттері қатысып Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындары студенттері арасында өте жақсы нәтижелер көрсетті. ҚАЕУ колледжінен турнирге 8 фракция катысты. Аталған турнирде бірінші орын алған ҚАЕУ колледжі студенттері Бастаубаев Әлібек, Идаятұлы Кәшәп. Турнирдің «Үздік спикері» 15Т-к1 тобы студенті Еміл Әли атанды.

Толығырақ