Талапкерлер үшін өткізілген ашық есік күні

3.10.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде КММ «№ 3 Жаңа-Бұхтарма орта мектебінің» оқушыларына «Ашық есік» күні өтті. Болашақ талапкерлерге  бәсекеге қабілетті мамандық иесі болудағы, оған қол жеткізу үшін оқу орынды дұрыс таңдау аса маңызды екенін ескере отырып,  жеткілікті ақпарат беру мақсатында мектеп оқушыларына арналған шара өткізілді. Шара барысында ҚАЕУ  колледжінің қазіргі таңдағы  сұраныстармен  талаптарға сай барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгендігі жөнінде деректі фильм көрсетіле отырып, білім алушыларға жан-жақты мәліметтер берілді. Сондай-ақ колледждің өзін өзі басқару  комитетінің ұйымдастыруымен колледждің өнерлі, талантты студенттерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.  

Толығырақ

Талапкерлер үшін өткізілген ашық есік күні

11.02.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде «Ашық есік» күні өтті. Болашақ талапкерлерге  бәсекеге қабілетті мамандық иесі болудағы, оған қол жеткізу үшін оқу орынды дұрыс таңдау аса маңызды екенін ескере отырып,  жеткілікті ақпарат беру мақсатында мектеп оқушыларына арналған шара өткізілді. Шара барысында ҚАЕУ  колледжінің қазіргі таңдағы  сұраныстармен  талаптарға сай барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгендігі жөнінде деректі фильм көрсетіле отырып, білім алушыларға жан-жақты мәліметтер берілді. Сондай ақ колледждің өзін өзі басқару  комитетінің ұйымдастыруымен колледждің өнерлі, талантты студенттерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Шара соңында оқушылар қалаулары бойынша тест тапсырмаларын орындап,  жақсы қорытынды көрсеткен балаларға сертификат тапсырылды.

Толығырақ

«ҚАЕУ жетістіктерінің тарихы» туралы

20.09.2016-23.09.2016 жылы колледж бірінші курс студенттер арасында «ҚАЕУ жетістіктерінің тарихы» атты шара өтті. ҚАЕУ студенттері оқу орнының құрылуы, оның даму тарихы және халықаралық серіктестік негізінде салтанатты ашылу шарасына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысқандығы туралы ақпарат берілді. Студенттерге ҚАЕУ оқу орнының шетел серіктестерімен жұмыс жүргізу ерекшеліктері, соның ішінде АҚШ, Канада, Европа мемлекеттеріндегі іс-тәжірибеден өту бағдарламаларымен жургізілген жұмыстар туралы фильм көрсетілді. Дарынды балаларды қолдау оқу орнының негізгі мақсаттарының бірі екендігі де аталып өтті. Қазақстан Республикасы бойынша ҚАЕУ үздік оқу орындарының алдыңғы қатарда келе жатқандығы дәлелді материалдармен жан–жақты түсіндірілді.

Толығырақ

ҚАЕУ колледжінде өткен ашық есік күні

2016 жылдың 14 мамырында ҚАЕУ колледжі кезекті ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға Өскемен қаласының 12 мектебінен  123 оқушы қатысты.  Келген қонақтар колледж кітапханасымен, компьютер сыныбымен, оқу дәрісханаларымен танысты. Мамандықтар жайлы презентацияларды, Қазақстан-Американдық еркін университеті мен колледжінің өмірі жайлы фильмдерді тамашалады. Ең соңында өз білімін тексергісі келгендер және де болашақта осы колледжге оқуға түсем-деушілер байқау тестін жазды.

Толығырақ