Діни сауаттылық – заман талабы
Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі – рухани, құқықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құқытық даму проблемасы қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дінді гуманистік білім берудің ажырамас компоненті ретінде зерттеу маңызды. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады.Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Ал сол білімді жастарға беруде қызмет ететін тұлғалар –теолог мамандар қауымы. Заман жаңа міндеттер […]
