Bilimfest: Жастарға арналған білім беру фестивалі

2019 жылдың 16 қаңтарында Bilimfest фестивалімен жастар Жылына арналған республикалық іс-шаралар бастау алды. ҚАЕУ колледжінің студенттері Шығыстың ғұлама ғалымы, математик, философ, музыка теоретигі, Аристотельдің ізбасары — қазақ даласының ұлы тұлғасы Әл-Фарабиге арналған алғашқы ғылыми-әдеби бұрыштың жұмысымен танысу  мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар фестивальға қатысушылар қаладағы танымал бизнесмен, меценат, «Жомарт жүрек-2017» сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласы мәслихатының депутаты, қаламыздың құрметті азаматы Сергей Викторович Коротинмен сұхбат алаңында кездесті.

Толығырақ

Облыстық фестиваль «Тәлімгер-Вожатый Fest»

2017 жылдың 12 мамыр күні ҚАЕУ колледжінің студенттері «Тәлімгер Вожатый Fest» облыстық фестиваль сайысына қатысты. «Балалардың және жасөспірімдердің жазғы демалыс кундерін тиімді ұйымдастыру мен сауықтыру» мақсатында  өткен нақты шарада жоғарғы оқу орындары мен  колледждің педагогикалық мамандығы бойынша білім алушылары бақ сынасты. Фестиваль бағдарламасы бойынша сайыс 4 түрлі кезеңнен тұрды, осы талаптар бойынша қатысушылар өздерінің дайындап келген мерекелік шараларынан үзінді көрсетті. Болашақ оқытушылар  фестиваль тақырыбына сай интелектуалдық, шығармашылық қабілеттерімен бірге креативтік көзқараспен командалық бірліктерімен әділқазы алқасының көңілін таба білді.

Толығырақ

«Үздік тәлімгер» атты фестиваль туралы

27.05.2016 жылы  ҚАЕУ колледжі  «Бастауыш білім» мамандығының ІІІ курс 13НО-к1 тобының студенттері Облыстық  колледждер арасындағы «Үздік тәлімгер»  атты фестивальға  қатысты.  Фестивальда  студенттеріміз  төрт түрлі байқаудан өтіп, «Жаңашыл тәлімгерлер» номинациясын иеленді. Қызықты да, көңілді өткен байқауға  колледж командасын даярлаған топ жетекшісі, ағылшын пәнінің оқытушысы А.М. Мукажанова.

Толығырақ