«Экономикалық білім — заман талабы» тақырыбында интеллектуалдық ойын

2019 жылдың 4 ақпан күні «Экономика, туризм және қызмет көрсету саласы» ПЦК ғылым және шығармашылық апталығы аясында 17Ф–к1 тобының студенттері арасында «Экономикалық білім — заман талабы» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойынды өткізу мақсаты: білім алушылардың оқу сапасын арттыруға, кәсіптік дайындығы мен шығармышылық қызметтерін дамытуға, бос уақыттарын ұйымдастыру үшін сабақтан тыс шараларға қызықтыру мен тарту болды. Шараны ұйымдастырып, өткізген  арнайы пәндер оқытушысы — Толеухан Лида.

Толығырақ

Вероника Маккеймен ұйымдастырылған кездесу туралы

04.10.2016 жылы ағылшын клубының аясында Америка Құрама Штаттары, Колорадо, Денверден келген Вероника Маккеймен   кездесу өтті. 2-3 курс студенттеріне күні бойы Колорадодан келген қонақпен әңгімелесу өте қызық болды.  Вероника тіл меңгерудің қызықты жолдарын ұсынды. Барлық студенттер ағылшын тілін жетік меңгеруге, шығармашылығын, эрудициясын дамытуға көмектесетін және дене белсенділігін дамытуға мүмкіндік беретін әртүрлі ойындарға қатысты. Студенттерге Вероникамен әңгімелесіп, күліп, секіріп, билеп уақыт өткізу өте қызықты болды. Пайдалы және көңілді уақыт өткізгендері үшін қоштасқанда бір-бірлеріне алғыстарын білдірді.

Толығырақ

«Денсаулық күні — 2016» атты спорттық мерекелік іс-шара туралы

2016 жылдың  қыркүйектің 24 жұлдызында ҚАЕУ колледжінің бірінші курс студенттері арасында «Денсаулық күні — 2016» атты спорттық мерекелік іс-шара өтті. Спорттық жарыс келесі кезеңдерден тұрды: орнынан ұзындыққа секіру, жеңіл атлетикалық эстафета, арқан тарту, кермеде тартылу, арқаға жатып дене көтеру. Іс-шараға бірінші курстың 10 тобы қатысты. Үздік топтар: 16П-р1, 16П-к1,16Ф-к1,16СО-к1. Студенттер спорттық жарыста шыдамдылықты, қызығушылықты және күш-жігерлерін танытты.

Толығырақ

«Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды сайыс туралы

Мамыр айының 13 жұлдызында мемлекеттік тілде оқитын бірінші курс студенттері арасында «Жүзден жүйрік» интеллектуалды сайысы өткізілді.  Сайысқа «Архимед», «Ньютон»,  «Менделеев», «Колумб» және «Әл-Фараби»  атты командалары қатысты. Сайыстың өте қызықты өткен бөлімі «Тарихи тұлғалар өмірінен көрініс» — үй тапсырмасы көрсетілімі болды. Барлық турлардағы сұрақтар химия, биология, математика, физика және география пәндері бойынша қойылды. «Зертханалық жұмыс» туры команда мүшелерінің тек сұрақтарға ғана жауап бермей, алған білімдерін қажет кезде қолдана білетіндігін де көрсетті. Әр топ қолдарындағы заттар жинағын қолдана отырып, тәжірибелік жұмыс өткізіп, қандай да бір заңдылықтың орындалу сәтін көрсетіп, дәлелдеді. Сайыс қызықты да, көңілді өтті, соңына дейін команда мүшелерімен олардың жанкүйерлері белсенділігі […]

Толығырақ