Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу туралы

2023 жылғы 7 қараша күні ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің базасында ШҚО ТЖД Өскемен қаласы гарнизонының өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің ұйымдастыруымен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Жаттығулар барысында өрт сөндірушілер студенттер мен колледж қызметкерлерін ғимараттан эвакуациялауға дайындық деңгейін тексеру жұмыстарын жүргізді, қатысушылардың негізгі күштер мен құралдар келгенге дейін ықтимал өртті жоюды ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары үйлестірілді.

Толығырақ

«Физика-химиялық КВН» атты облыстық байқауына қатысу

2022 жылдың 23 желтоқсан күні «Химиктер-Алхимиктер» ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің командасы Өскемен жоғары политехникалық колледжінің 70 жылдығына арналған «Физика-химиялық КВН» атты облыстық байқауына қатысты. Ойын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарының командалары арасындағы 5 байқаудан тұрып, жарыс түрінде өткізілді. Жауапты оқытушылар: Манарбекова Г.С., Маралбаева Н.Е. Колледж командасын «Әртістік» номинациясындағы жеңісі үшін құттықтаймыз!

Толығырақ

Семей қаласының мұражайларына саяхат

2019 жылы 3 мамырда Жастар жылы аясында ҚАЕУ колледжінің болашақ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ф. М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы мен Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына барды. Экскурсияны ұйымдастыруға жауаптылар — Ким В.А., Таскимбаева Р.К.

Толығырақ

Облыстық «Тілдарын-2019» олимпиадасы

2019 жылы 26 сәуір күні ҚАЕУ колледжінің студенті Талғатова Мадина облыстық «Тілдарын» олимпиадасына қатысты.  Олимпиада «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуіне ТжКБ жүйесінің оқу орындарының білім алушылары арасында өткізілді. Қатысушыны дайындаған оқытушылар – Таскимбаева Р.К., Жаңбырбай Д.Н.

Толығырақ

«Жастар және бизнес»: студенттер мен оқушылардың жаңа идеялары

2019 жылдың 24 сәуір күні облыстық «Жастар және бизнес» бизнес-жобалар байқауы өтті. Сайыс Өскемен экономика және қаржы колледжі, ҚАЕУ бизнес кафедрасының, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының, ШҚО білім басқармасының қолдауымен Қазақстандағы жастар жылына орайластырылған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері арасында ұйымдастырылып, өткізілді. ҚАЕУ колледжінің командасы вакуумдалған пісірілген қазы өнімін дайындайтын «Береке» кәсіпорнын ұсынды.

Толығырақ

Әбділда Тәжібаев: «Сыр сұлтаны, жыр тұлпары»

2019 жылдың 19 сәуір күні ҚАЕУ колледжінің «Негізгі орта білім беру» мамандығының білім алушылары көрермен ретінде Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу сайысына қатысты. Сайыс ағымдағы жылдың «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты  дарынды жастарға қолдау көрсетіп, халыққа таныту мақсатында, «Бір ел — бір кітап» Республикалық ақциясы аясында өткен болатын. Жас таланттар ақынның отан сүйгіштікке, туған табиғатымызды аялауға, елімізді сүюге баулитын  өлеңдерін жатқа оқыды. Қатысушылар сөз зергері туындыларының лирикалық қаһармандарының ойлары, сезімдері мен толқуларын жан-жақты аша білді.

Толығырақ

«Странники XX века» атты туристік маршрут

2019 жылдың сәуір айының 11 күні «Туризм» мамандығының  студенттері «Странники XX века» атты туристік маршрут жасаған,  қаламыздың танымал саяхатшыларымен өткен кездесуге қатысты. Кеш қонақтары: жазушы-өлкетанушы, мұрағатшы Аубакиров А. А., спортшылар – туристер –  Сулейменов М., Зинюков В., «Радуга» балалар мен жасөспірімдер клубының жетекшісі -Ростовцева О. В., спортшы-альпинист,жаттықтырушы – Орлов В.В. Олар төрт керемет ерекше саяхат туралы  әңгімелеп  берді: қауіпті Лонг арктикалық шығанағын шаңғымен жүріп өтті, Қызылқұм мен Қарақұм — екі улкен шөл даланы жаяу бағындырды, кішкентай үрлемелі қайықтарда Арал теңізін жүзіп өтті, және де жоғары марафонды шаңғымен 4500 шақырым жүріп өтті. Кездесу туризм, өлкетану туралы білімді қалыптастыруға, туризммен айналысуға қызығушылықты […]

Толығырақ

«Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты жас ғалымдары IX Форумының секциялық отырыстары

2019 жылдың 1-ші сәуірі күні ҚАЕУ колледжінің студенттері жас ғалымдары   IX Форумының секциялық отырыстарына қатысты. Бұл отырыстарда алыс-жақын шекаралас аймақтардан  ШҚО ЖОО және колледждерінен келген жас ғалымдар қатысқан болатын. Шет тілі мәселелері мен білім беру әдістемесіне бағытталған секцияда «Аударма ісі» мамандығының студенті Ниязбекова Томиристің тақырыбына бағытталған баяндамасы атап өтілді. Экология және информатика секциясында Вальтер Александры, Нурашпаева Томирис, Резанова Николайдың баяндамалары ерекше атап өтілді. Педагогика мен психология мәселелерін Бибігүл Ережепованың баяндамасы ерекше назарға ие болды. Гуманитарлық ғылммның даму тәжірибесі мен теорясы секциясында Мухамедрахимова Дильназ бен Ажибаева Айдананың баяндамалары ұйымдастырушыларды қызықтыра білді. Экологиялық және құқықтың мәселелерді қамтыған секцияда Сейтқазықызы Аяужан өз баяндамасын […]

Толығырақ

«Дидактикалық көпөлшемді құрылымдау технологиясын қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар

2019 жылдың 18 наурыз айында «Әлеуметтік-экономикалық сабақтарында дидактикалық көпөлшемді құрылымдау технологиясын қолдану» тақырыбында жас оқытушыларға арналған әдістемелік семинар өткізілді. Мақсаты: ДКҚ технологиясы бойынша оқытушылардың теориялық деңгейін кеңейту. Жауапты оқытушы: Сегизбаева Жадыра Базылжановна.

Толығырақ

Болашақ мұғалімдерге өткізілген семинар

2019 жылдың 15 наурыз күні «Негізгі орта білім беру», «Бастауыш білім беру» мамандықтарының білім алушылары үшін «Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы пәндерді оқытудың теориялық және әдістемелік аспектілері» бағдарламасы бойынша семинар-тренинг өткізілді. Спикер — Пак Владимир Славдиевич, Өскемен қаласындағы филиалының «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ менеджер-әдіскері.

Толығырақ