Дүниежүзілік туризм күні

2016 жылы 27 қыркүйек күні Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Жас турист» клубы қатысушылар арасында туристік–спорттық сайыс өтті. Сайыс  студенттердің туристік-спорттық дайындықтарын дамыту, туризм нұсқаушысы маманының дағдысын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Төрешілер құрамында — ҚАЕУ колледжінің Вице-президенті, директоры    Кикина М.И.,  «Радуга» балалар мен жасөспірімдер клубының  оқытушысы    Ростовцева О. В., колледж тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амангелдина С.А., медицина қызметкері Паньшина Н.М. Сайыс 5 турдан тұрды, «Young tourists» және «Dangerous» командалары арасында өтті. Турлардың ішіндегі  «Спелеотур», «Велотур», «Гранд-тур» қызықты өтті.  «Young tourists» командасы жеңімпаз болып атанды. Мерекелік күнді студенттердің туристік әндері, флешмоб және «Туризм күні» деп жазылған шарларды ұшыруы әсерлі өткізді. «Жас турист» клубына […]

Толығырақ

Кэтлин Хайдпен ұйымдастырылған кездесулер туралы

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап ағылшын тілі клубы аясында  әр дүйсенбі сайын «Бастауыш білім беру» және «Аударма ісі» мамандықтарының 1-3 курс студенттерінің сертификатталған ағылшын тілі пәнінің оқытушысы — Кэтлин Хайдпен (фонд «Co-Serve International» Портленд, Орегон, АҚШ) кездесулер өткізіледі. Кездесулердің еркін түрде  өтуі  ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, ой-өрісін жан-жақты кеңейтуге мүмкіндік береді. Сабақтардың тақырыптары ауқымды — қарапайым жаттығулардан әртүрлі ұғымдарды талқылауға дейін. Кэтлиннің сабақтары Қазақстанда жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға, ағылшын тілін пайдалана отырып, өз білімдерін жетілдіруге, практикалық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыдан орындауға, ауызша және жазбаша сөйлеуге негізделген. Студенттер бұл кездесулерге қуана-қуана қатысып, асыға күтеді. Әртүрлі білім беру бағдарламаларын ұсынатын Кэтлиннің сабақтарына студенттер […]

Толығырақ

«Мен отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсымын!»

20.09. — 21.09.2016 жылы ҚАЕУ колледжінде «Мен отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсымын!» атты іс-шара өткізілді. Колледждің «Бастауыш білім», «Құқықтану», «Әлеуметтік жұмыс» мамандығында оқып жүрген студенттер қатысты. Іс-шараның мақсаты: агрессия ұғымын түсіндіру, жеткіншек кезеңдегі зорлық-зомбылық ерекшеліктерін талдау, студенттердің зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы жайлы және оны қорғау мәселесі бойынша студенттерге кеңес берілді. Колледж психологі Баженова Н.К. мен арнайы пәндер оқытушысы А.С. Кыдырханова. студенттерге слайдттар мен бейнероликтер көрсете отырып, пікір талас жүргізіп, іс-шараны жоғары деңгейде өткізді.

Толығырақ

«Қазақстан» тауында өткен акция туралы

ҚАЕУ колледжінің студенттері колледж оқытушысы Қ.Т. Толеухановпен бірге 03.06.2016 жылы «Қазақстан» тауында өткен «Бұл – менің Әнұраным! Бұл – менің Туым! Бұл – менің Елтаңбам!»         атты Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған акцияның қатысушылары болды. Мемлекеттік Әнұранды орындаумен қатар Өскемен қаласы әкімінің алғыс хаттарын табыстау, мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімдерінің куәгерлері болды.  Патриоттық іс-шараның маңыздылығын әрбір қатысушы ерекше сезінді.

Толығырақ